ИИДМ Boeing компаниясымен тренажерлік және техникалық орталықтарды Қазақстанда орналастыру мүмкіндігін талқылады

ИИДМ Boeing компаниясымен тренажерлік және техникалық орталықтарды Қазақстанда орналастыру мүмкіндігін талқылады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Boeing компаниясының вице-президенті Монте Фрейзермен кездесу өткізді. Кездесуде Boeing 737 MAX және 787 Dreamliner әуе кемелерін Air Astana және SCAT әуе компанияларына жеткізу мәселелері талқыланды.

Кейін Т.Ластаев пен М.Фрейзер ҚР мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Қазақстанда Boeing компаниясының жаттығу және техникалық орталықтарын орналастыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ екі тарап Boeing компаниясының АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) Ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауынан (IASA) жедел өту үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне өтеусіз техникалық көмек беру және ҚР мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу туралы уағдаласты.

Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ, арнайы консалтингтік компаниялардың техникалық тұрғыдан қолдау көрсетуінің орташа құны шамамен $2-2,5 млн құрайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде биыл мамыр айының үшінші онкүндігінде Boeing мамандары Нұр-Сұлтан қаласына келеді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Қазақстанда азаматтық авиация саласындағы жас таланттарға арналған Boeing компаниясының арнайы оқыту бағдарламасын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив