Сот азаматтың өтінішін елемеген Азаматтық авиация комитетінің әрекеттерін заңсыз деп таныды
2018 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасынын бес азаматынан тұратын топ Стамбул қаласынан Астана қаласына ұшуы тиіс еді. Без азаматтың үшеуі кәмелетке толмаған бала болған.
Алайда өзінің сапарына іліге алмаған олар жаңа билеттер сатып алып, дәл сол күні кешке басқа сапармен ұшқан.
2018 жылдың қазан айында астананың тұрғыны оқиға бойынша тергеу жүргізіп, әуетасымал ережесін бұзған Turkish Airlines әуекомпаниясына айыппұл санкциясын салуды сұрап, Азаматтық авиация комитетіне жүгінді.
Тиісті жауап ала алмаған астана тұрғыны дәлелді жауабын бермеген мемлекеттік органның әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді.
Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен астана тұрғынының талаптары қанағаттандырылды.
Сот Қазақстан Республикасының азаматтарын, атап айтқанда бес адамнан, оның ішінде үш кәмелетке толмаған баладан тұрған топты авиалайнердің бортына отырғызудан бас тартудың нақты себептерін анықтау мақсатында нақтылы және объективті тексеріс жүргізу жолымен жол берілген бұзушылықтарды жоюды тапсырып, Азаматтық авиация комитетінің әрекеттерін заңсыз деп таныды.
Шешім заңды күшіне енді.
[xfvalue_img]