АЛМАТЫДА «КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ КЕЛІСІМІНІҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АЛМАТЫДА «КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ КЕЛІСІМІНІҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

27 тамызда Алматы қаласының Достық үйінде: «Конституция - Қазақстан халқының бірлігі мен рухани келісімінің негізі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, этномәдени бірлестіктер жастары, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар егеменді Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуындағы, қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін дамытудағы Конституцияның тарихи рөлін талқылады.

Дөңгелек үстел спикерлері - Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбілфас Хамедов, Вакиль Набиев, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайри және т.б.

Баяндамашылар Конституция демократиялық саяси жүйесі, ашық нарықтық экономикасы, бейбіт саясаты бар қазіргі Қазақстанның құрылысына негіз болғанын, бұл елдің әлемдегі беделінің өсуіне ықпал еткенін атап өтті.

Конституция қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтудың, азаматтарға этносына қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің іргелі негіздерін бекітті.

Негізгі Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін қолдануға, қарым-қатынас, білім беру, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы.

Орыс тілі мемлекеттік тілде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар ресми түрде қолданылады. Сонымен қатар, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұза алатын кез келген әрекеттер конституциялық емес деп танылады. Осының арқасында барлық этникалық топтар өздерін қауіпсіз сезінеді, салт -дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін еркін дамытады.

Қазақстанның этностарының өкілдері мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығын түсінеді, жылдан жылға қазақ тілінде сөйлейтін жас ұрпақтың саны артып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы бағытта жұмыс жасап, мемлекеттік тілді үйренуге арналған түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

Мұның бәрі елдің прогрессивті дамуына, барлық қазақстандықтардың болашақ үшін бірлескен және жемісті жұмысына берік негіз жасайды.

Қатысушылар табысты дамудың, қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімнің сақталуының кілті болып табылатын Негізгі Заңда жарияланған негізгі нормаларды сақтауға шақырды.

Шара «ZOOM» алаңында өтті.

ҚХА Баспасөз қызметі:

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив