72 сағат ішінде ШҚО полицейлері 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған

72 сағат ішінде ШҚО полицейлері 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 9-11 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» республикалық ЖПІШ өтті.
Жедел профилактикалық іс-шара өткізу барысында Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшті. Аталған іс-шараға полиция мен Ұлттық ұланның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Үш күннің ішінде тәртіп сақшылары 65 қылмысты, сондай-ақ бұрын жасалған 19 қылмысты ашып, іздестіруде жүрген 7 қылмыскерді ұстаған.
72 сағат ішінде полицейлер екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 360 ұсақ бұзақылық фактісі, 518 ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактісі, 492 адам тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, 2 мыңнан астам есептегі тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 8 бірлік қаруды тәркіледі.
Масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 26 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі азаматтардың көлік құралын басқаруының 5 фактісі анықталды. Олардың бірі Көкжыра ауылының маңында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері 35 жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ маркалы автокөлікті тоқтатқан, жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Қызметкерлер ер адамның 2020 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтаған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, Полиция департаменті сіздерді барынша қырағы болуға және құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда 102 жедел арнасына дереу хабарлауды сұрайды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Margot 27 января 2024 20:07

    You're so interesting! I do not believe I've read
    through something like this before. So great to find someone
    with a few original thoughts on this issue.
    Seriously.. many thanks for starting this up. This website
    is one thing that is needed on the internet, someone with a bit of originality!


    Feel free to visit my web page - Puedo comprar diavista sin receta en Lima

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив