«Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болуға бастар жол»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болуға бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен Ембі қаласындағы ағайынды Жұбановтар атындағы мемориалды музейінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болуға бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге судья Ж.Кунаева, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары Ж.Кожиков, ағайынды Жұбановтар атындағы мемориалды музейінің директоры Ұ.Мухамбетова, сот және мемориалды музей қызметкерлері қатысты. 

Іс-шараны ашқан аудандық сот судьясы Жарқынай Кунаева: «Елбасы мақаласындағы жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырту»,- деді. Сонымен қатар, қазақ елінің тарихындағы билердің төрелігіне тоқталды.

 Өз сөзінде ағайынды Жұбановтар атындағы мемориалды музей директоры Ұ.Мухамбетова ауданда рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, сонымен қатар мемориалды музейдегі Құдайберген Жұбановтың латын тілінде жазылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты 1936 жылы шығарылған оқулығымен және басқа да қазақ халқының бұрынғы дәстүрінен сыр шертетін туындылар мен ағайынды Жұбановтардың мәдени мұрасымен таныстырып өтті.

 «Дөңгелек үстел» қорытындысымен Елбасының бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша тиісті ұсынымдар жасалды.

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив