ҰБТ-2021 АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: 123 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

ҰБТ-2021 АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: 123 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Қазіргі таңда 123 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140.

224 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді тек өз күштеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Сондай-ақ әрбір тестіленушінің қимыл-қозғалысы ахуалдық орталықта «бір тестіленуші – бір камера» қағидаты бойынша бақыланатынын ескертеді.

Тестілеуге кіргізу кезінде тоғыз түлектің дене қызуы көтерілген. Бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады. 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив