ТЕЛЕФОНДАР, ШПАРГАЛКАЛАР, САҚТАЛМАҒАН САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАР... АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА МАГИСТРАТУРАҒА ТЕСТІЛЕУ СОЛАЙ ӨТУ КЕРЕК ПЕ?

ТЕЛЕФОНДАР, ШПАРГАЛКАЛАР, САҚТАЛМАҒАН САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАР... АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА МАГИСТРАТУРАҒА ТЕСТІЛЕУ СОЛАЙ ӨТУ КЕРЕК ПЕ?

17-31 тамыз аралығында «U – STUDU» тестілеу орталығы базасында магистратураға түсушілердің емтихандарын онлайн тапсыру өтуде. Бүгінгі күні (17-20 тамыз аралығында) тестілеуді 616 адам тапсырды. Онлайн тестілеуді тапсырушылардың күнделікті саны 55-тен 75 адамға дейін. 616 адамның 51-і белгісіз себептермен тестілеуге келген жоқ. Металл іздегіш арқылы тыйым салынған заттарды өткізуге және тестілеу кезінде пайдалануға тырысқандар да болды. БҰЛ ТЕЛЕФОНДАР МЕН ШПАРГАЛКАЛАР. Осылайша, онлайн тестілеуді тапсыру құқығынан 16 адам айырылды.Осы уақыт ішінде «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сараптама тобының мүшелері тестілеуге кіргізу сәтінен бастап тестілеу аяқталғанға дейін мониторингтік жұмыстар жүргізуде. Мұндай мониторингтік жұмыстарды жүргізудің басты мақсаты ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу болып табылады.

Карантин режимі алынды, бірақ санитарлық нормалар сақталуы керек!

Мәселен, тестілеу жұмыстары басталғалы сараптама тобының мүшелері күнделікті санитарлық талаптарға сай келмейтін бірқатар бұзушылықтарды анықтауда. Мәселең, тестілеу орталығының базасында дезинфекциялық туннель жоқ, тестілеуге кіргізер кезде әр адамға бір реттік бетперде беріледі, бірақ санитарлық ережеге сәйкес олар 2 сағаттан кейін ауыстырылмайды, ал тестілеу процесі 2-4 сағатқа дейін созылады. Дезинфекцияға арналған аудиторияларда кварц шамы орнатылмаған.

Айта кету керек, адалдық аланы жобалық кеңсесінің мүшелері «U – STUDU» тестілеу орталығында мониторингтік жұмыстарды бірінші рет жүргізіп отырған жоқ. Мамыр айында педагогтарды аттестаттау кезінде бірқатар бұзушылықтар мен санитарлық нормаларды сақтамау және тест тапсырушылардың пайдалануға тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы туралы фактілер анықталды.

Мониторинг жұмыстары барысында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тиісті органдарға ұсыныс хаттар жіберіп, нәтижесінде барлық ескертулер жойылды.

Бірақ бұл жолы бәрі қайтадан қайталанды!

Зульфия НАБИУЛИНА

 «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.