«Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

«Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

2019 жылдан бастап ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасын іске асыруда.

«Шығыс-Адалдық алаңы» облыстық кеңсесі ғана емес, сондай-ақ облыстың барлық қалалары мен аудандарында бөлінген жеке үй-жайлары бар және материалдық-техникалық базамен толық жарақталған өкілдіктері бар.

Жобалау кеңселерінің басшылары өңір, қалалар мен аудандар әкімінің штаттан тыс кеңесшісі мәртебесіне ие.

«Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірдің барлық қалалық және аудандық әкімдіктері «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшті, бұл азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді.

Бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қаржының жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту «Адалдық алаңы» қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалар жобалары бекітілгенге дейін оларды жариялау жүргізіледі, осылайша адамдарға бюджет қаражатын жұмсау процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасы бойынша мемлекеттік билікке сенім деңгейін арттыру үшін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы іске асырылуда.

Интерактивті картада облыстың барлық мемлекеттік мекемелері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелген. Атап айтсақ, бүгінгі таңда ШҚО бойынша «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» платформасында 1,1 трлн.теңгеге 4762 бюджет жарияланды.теңге.

Шығыс Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қауіпсіздік, жер қатынастары салаларында озық цифрлық технологияларды енгізуді көздейтін «DIGITAL EAST» тұжырымдамасы іске асырылуда.

Облыс бойынша 578 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, 800 мыңнан астам электрондық қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылы облыс бойынша халықтың цифрлық сауаттылық деңгейінің пайыздық көрсеткіші 82,5% - ды құрайды.

ШҚО геопорталы ТМД аумағында Esri ArcGIS 26 жыл сайынғы конференциясында үздік ГАЖ веб-қосымшасы болып танылды.

«Құрылыс бақылау» порталы базасында МСҚБ қадағалау функциялары автоматтандырылды.

Сондай-ақ, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлік емес бірінші қажеттіліктегі тауарларға, оның ішінде дәрілік және жеке қорғаныш құралдарына баға белгілеуге, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйлердің, сумен жабдықтау желілерінің, жолдардың құрылысы мен жөндеу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Жыл басынан бері елді мекенге барып жүргізілген 337 мониторингтік іс-шара өткізілді.

Жалпы, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі тек мемлекеттік қызметшілер арасында ғана емес, бүкіл қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығына айналғанын атап өткен жөн.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив