ШҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ А. СМАТЛАЕВ «ШЫҒЫС - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ШҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ А. СМАТЛАЕВ «ШЫҒЫС - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары  Сматлаев Алмасхан Бауыржанұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппараттық кеңесіне қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің «Антикор орталығы» алаңында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы ағымдағы жылы кеңсенің және қоғам белсенділерінің  атқарылған жұмыстары туралы хабарлады.

Сматлаев Алмасхан Бауыржанұлының пікірінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстың барлық қалалық және аудандық әкімдіктері, сондай-ақ 11 ірі ауылдық округ «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшті. Бұл ретте ШҚО 100% қамтылған алғашқы өңір болып табылады. Қызмет көрсетудің бұл түрі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі кедергісіз алуға және «бір терезе» қағидаты бойынша түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 247 ауылдық әкімдікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Келесі жылы сервистік модельге көшу бойынша жұмыстар басқа ірі ауылдарда жалғасын табады.

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың сенім деңгейін одан әрі арттыру мақсатында облыстың 118 мекемесі «Open Space» форматына  көшірілді. Сонымен қатар 141 фронт-офис ашылды.

«Бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында жобалық кеңсе ағымдағы жылы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын сәтті іске асырды. Интерактивті картада облыстың барлық мемлекеттік мекемелері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелген. Мәселен, облыс бойынша 1 трлн. теңгеге 4762 бюджет жарияланды.

Осы таңға дейін «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қажеттіліктегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға, оның ішінде дәрілік, жеке қорғаныш құралдарына баға белгілеуге, қашықтықтан оқыту жүргізу үшін компьютерлік техниканы сатып алу және тарату, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, сумен жабдықтау желілерін, жолдарды және т.б. салу және жөндеу жұмыстары бойынша 337 мониторинг жүргізді. Сонымен қатар  «Antikor LIVE» жобасы шеңберінде барлық деңгейдегі әкімдер бекітілген кестеге сәйкес «Антикор Орталығы» алаңдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы апта сайын есеп беріп отырады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 215 баннер, 34  LED-экран орнатылды. 90-ға жуық бейнеролик әзірленіп, облыстық «ALTAI» телеарнасында «Адалдық алаңы» бағдарламасы ашылды.

Атап өтерлігі, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қалалар мен аудандарда жетекшілері тағайындалып, қызмет атқаруда.

«Шығыс –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.