ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ҮШІН «САПАЛЫ ҚҰРЫЛЫС» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІН ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ҮШІН «САПАЛЫ ҚҰРЫЛЫС» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІН ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен «Аntikor.LIVE» тікелей эфирінде «Өркен» Қазақстандық республикалық салааралық ынтымақтастық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Болат Омаров кәсіпкерлерге құрылыс саласындағы жемқорлықпен күресуге жәрдем көрсететін бастама туралы айтты.

«Біз «Нұр Отан» партиясы жанынан кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрдық. Қоғамдық кеңестің құрамына атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қорының және басқа да даму институттарының өкілдері кіреді. Бұл ұйымдардың өзара іс-әрекеті нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдау ғана емес, әкімшілік тосқауылдардан қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері де шешілуде", - деп атап өтті Болат Омаров.

Қоғамдық кеңес «Сапалы Құрылыс» жобалық кеңсесін құруға бастамашы болады, онда жоғарыда аталған органдар мен даму институттарының өкілдері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесіп құрылыс саласындағы бизнес мүдделерін қорғайтын болады.

Атап айтқанда, жобалық және өзге де рұқсат беру құжаттамасын келісу мерзімдерін қысқарту үшін келісу және құрылыс салушылардың өтініштеріне жауап алу мерзімдерін қатаң шектеумен «Бірыңғай терезе» құру ұсынылады.

Болат Омаровтың айтуынша, кәсіпкерлер нарық монополистері тарапынан кедергілерге де тап болады, енді оған Қоғамдық кеңес пен «Сапалы Құрылыс» жобалық кеңсесінің назары аударылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив