Жолактивтерінің ұлттық сапа орталығының  қызметіне оң баға берілді

Жолактивтерінің ұлттық сапа орталығының қызметіне оң баға берілді

 

2020 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК және«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің бір топ қызметкерлерін  марапаттады.

Марапатталғандардың арасында Орталықтыңбас директоры Замир Сағынов, Даму департаментінің директоры Дәулет Аспанбетов, сапа сараптамасы және жаңа технологиялар бөлімдерінің басшылары, HR-менеджер, сондай-ақ Орталық филиалдарының жұмысшылары болды.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін Орталықтыңқызметкерлерінеалғысын білдіріп, автомобиль жолдарының сапасын одан әрі арттыру бойынша жұмыста табыс тіледі.

Өткен жылдың маусым айынан бастап Агенттік Орталықпен бірлесіп «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін іске қосты, оның негізгі мақсаты автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және олардың сапасын арттыру болып табылатынын атап өткен жөн.

Жобалық кеңсе шеңберінде құрылыс-жөндеу жұмыстарынжүргізу кезінде қоғамдық бақылау қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Орталықта
ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің халықаралық жүйесі енгізілуде.

Агенттіктің аумақтық департаменттері қызметкерлерінің, орталық жұмысшылары мен қоғам өкілдерінің бірлескен іс-қимылының арқасында республика бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 410-нан астам бірлескен шығу ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 800-ден астам бұзушылықтар анықталды және «ҚазАвтоЖол» АҚ мен әкімдіктерге тиісті ұсыныстар енгізілді, олардың 80% - ы жойылды.

Сапаны сараптау шеңберінде автомобиль жолдарында құрылыс-жөндеу жұмыстары барысында 860 млн.теңгеден астам сомаға сапасыз материалдарды пайдаланудың алдын алды.

Жобалық кеңсе іске қосылған сәттен бастап жалпы құны 135 млрд.теңге болатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық құжаттамаға сараптама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша сметаны 12,5 млрд.теңгеге көтеру фактілері анықталды және жойылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив