ШҚО-ДА ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

ШҚО-ДА ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің "Antikor Ortalygy" алаңында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша есепті тыңдау өтті.

Кездесу ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Нәбиевтің төрағалық етуімен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Е.Н. Березинская Абилованың қатысуымен өтті.

Қалалық құрылыс бөлімінің жауапты өкілдері өткен жылдың желтоқсан айында жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қызметі туралы есеп берді.

"Құрылыс саласы өте маңызды. Біз ортақ күш-жігерімізбен онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қол жеткізуіміз керек. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеу, мердігерлердің мемлекет жүктеген міндеттерді адал орындауына қол жеткізу. Біздің басты мақсатымыз - бұл өзара қарым-қатынаста адалдық пен әділдікті арттыру", - деп атап өтті Р. Нәбиев.

Іс – шараның қорытындысы бойынша ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және "Шығыс-Адалдық алаңы" жобалау кеңсесі нақты ұсыныстар берді және аталған кемшіліктерді жою бойынша одан әрі іс-қимылдарға түзетулер енгізді. Сонымен қатар, құрылыс бөлімінің басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу қажеттілігі туралы талаптар түсіндірілді.

 

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив