«ANTIKOR.LIVE»: ШҚО-да колледж директорларына арналған онлайн семинар өтті

«ANTIKOR.LIVE»: ШҚО-да колледж директорларына арналған онлайн семинар өтті

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Р.Набиев облыстық білім басқармасымен бірлесе "Антикор орталығында" колледж директорларына арналған білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарға облыстың 72 колледжінің директорлары қатысты.

Семинар барысында, Ренат Набиев Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойғандығын, оған сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, Ренат Набиев сыбайлас жемқорлық тәуекелі дегеніміз не? Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды қалай дұрыс және қандай бағыттар бойынша жүргізу керек? Осы бағытта жұмысты қалай жүргізу керек? деген сияқты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Семинар соңында спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив