АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

         ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты орта кәсіби және жоғары білім беретін оқу орындарының өкілдеріне арналған оқыту семинар-тренингі өтті.

         Семинар барысында Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Есбол Кенжалин әр түрлі салалардағы тәуекелдерді анықтаудың нақты мысалдарын қарастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар берді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен, стандарттарды сақтаумен және басқа да тетіктермен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларының бірі болып табылады.

         Спикер хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Ішкі талдауды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес жүргізеді, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданады.

         Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік мекемелермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен жұмыс немқұрайлы жүргізіледі, тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу жеткілікті көңіл бөлінбейді. Осыған байланысты Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізумен айналысатын ұйымдардың қызметкерлерін оқыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

         Семинар-тренингтің соңында Есбол Кенжалин сапалы ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды іске асырудың тиімділігін арттырудың аса маңызды аспектісі екенін атап өтті. Өйткені, ұйым қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көрініс табу ықтималдығын болдырмау талдау жүргізудің тиісті дағдыларына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтауға және кейіннен жоюға байланысты.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Динара Нұртаз

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив