«ANTIСOR.LIVE» ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ АҚМОЛАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУ ТАСҚЫНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

«ANTIСOR.LIVE» ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ АҚМОЛАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУ ТАСҚЫНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» сервис ғимаратының алаңында Ақмола облысы Төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев «Аnticor.live» жобасы аясында әлеуметтік желілердегі тікелей эфирде өңірдегі су тасқынын жою және болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Әңгіме барысында спикер қазіргі уақытта су тасқыны кезеңінің белсенді фазасы әлі байқалмайтынын атап өтті. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап су тасқыны жағдайына күнделікті мониторинг жүргізу және болжау мақсатында облыстық жедел су тасқынына қарсы Штаб құрылды. Осындай жедел штабтар Ақмола облысының барлық аймақтарында да бар.

Төтенше жағдай департаменті басшылығының айтуынша, өңірлерде су бұру арналарын кеңейту және тереңдету, жаңа қорғаныс бөгеттерін салу, инертті материалдары бар қаптарды салу, еріген суларды тартып шығару, авто және темір жол, көпірлердегі су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қанат Доспаев төтенше резервтерде, шұғыл шығындарға және төтенше жағдайдың алдын алуға арналған резервтерде 1,252 млрд.теңге салынғанын хабарлады. ТЖ алдын алуға жергілікті бюджеттен 72 млн.теңге бөлінді. Су тасқынына 2410 адам, 1058 бірлік техника, 60 жүзу құралдары, 251 мотопомпа дайындалды. Сондай-ақ 222 негізгі және 70 резервтік қабылдау пункті дайындалды.

Сонымен қатар, тікелей эфир барысында ТЖ Департаменті тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаментімен бірлесіп барлық эвакуациялық іс-шараларды өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша іс-қимылдар алгоритмі пысықталғандығы атап өтілді.

Спикердің айтуынша, су тасқыны жағдайының өтуі бақылауда және бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив