ЕЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ЕЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY»-да мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістер бойынша брифинг өтті.

Брифингке Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева қатысты.

Брифинг барысында Департамент басшысы Жандос Сарсен мемлекеттік қызметтің гендерлік аспектілері туралы айтты.

Гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңда мемлекеттік органдардың басшылары тәжірибелеріне, қабілеттеріне және кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке ерлер мен әйелдердің бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Спикер атап өткендей, 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдарында 232-ден астам әйел басшылар жұмыс істейді. Бұл басшылардың жалпы санының 44% құрайды.

Сонымен қатар, әйел адамдардың лауазымдары келесідей: департамент басшылары (С-О-1 санаты) - 10%, департамент басшысының орынбасарлары (С-О-2 санаты) - 51%, Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің басқарма басшылары (D-О-1 санаты) - 12%, басқарма басшысының орынбасарлары - (D-О-2 санаты) - 35%, елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (D-3 санаты) - 28%, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Е-3 санаты) - 45 %.

Департамент мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар атқаруда - деді Жандос Сәрсен.

Мемлекеттік органдардағы сұхбат техникалық құралдар арқылы жазылады.

Департамент конкурстық рәсімдерге қатысушылармен «кері байланыс» бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді. Сенім телефоны (тел.: 24-89-28, 24-89-29) жұмыс істейді, онда азаматтар бос лауазымдарға конкурстық іріктеуден өткен кезде олардың құқықтары бұзылған жағдайда өтініш беруге мүмкіндіктері бар.

Кандидаттардан конкурстық комиссияның шешіміне шағым түскен жағдайда, заңнамаға сәйкестігіне анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Анықтама үшін: 2020 жылғы 1 тоқсанда шағымдар түскен жоқ.

2019 жылы мемлекеттік қызметке өтініш білдірген 3 040 кандидаттың 1485-і (немесе 48,8%) әйелдер. Конкурстар нәтижесінде мемлекеттік лауазымға тағайындалған әйелдердің үлесі 49,6% құрады (506-дан 251).

Сонымен қатар, брифинг барысында спикерлер саяси мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершіліктері туралы айтты.

Айта кету керек, бұл норма Заңға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен енгізілген.

«Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасында Президент сыбайлас жемқорлықты жоюдың жаңа тәсілдерін жариялады. Саяси мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жеке жауапкершіліктерін заңнамамен қарауды тапсырды.

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардың басшылары бағынышты қызметкер үшін жауапты болатынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді.

Мемлекет басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Енді, саяси мемлекеттік қызметшілер яғни министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдері және орынбасарлары, аудан әкімдері тікелей бағыныштылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған болса, отставкаға кетуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының ережелеріне сәйкес, 2019 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енді.

Егер қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысын белгілі бір саяси қызметкердің басшы болып тағайындалған күннен бастап үш айдан кейін жасаған болса, онда бұл саяси қызметкер сот үкімі күшіне енгеннен кейін немесе қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін немесе Қылмыстық процестік кодексінің 36-бабы немесе 35-баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының негізінде отставкаға кетеді.

Баяндамашылардың пікірінше, отставкаға кету - осы лауазымды тұлғаның кінәлі болғанына қарамастан міндетті болып табылады.

Отставкаға кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді тиісті уәкілетті тұлға қабылдайды.

Лауазымды тұлға отставкаға кету туралы өтінішті бір ай ішінде қарайды.

Отставкаға кетуге жөніндегі талаптар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына қолданылмайды.

Заңға сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары өздеріне бағынышты адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Заңнамалық жаңалықтарды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жоғарғы Сотпен, Бас прокуроратурамен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп тиісті алгоритм әзірледі.

Алгоритмге сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері заңды күшіне енген сот шешімдерін, тиісті лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істердің тоқтатылуына мониторинг жүргізуге міндетті.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне осы мәселе бойынша жұмысты үйлестіру жүктелген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив