«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

Бүгін сағат 11-00 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы  «Адал жол – Честный путь» марафонының салтанатты түрде ашылуы өтті. 

Департамент басшысы Тілеген Қасқин марафонды құттықтау сөзімен бастады.

Марафонның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісі үшін нөлдік төзімділікті қалыптастыру, әр азаматқа және кәсіпкерлерге оның салдары туралы хабарлау.

Іс-шара барысында жас таланттардың және музыкалық топтардың қатысуымен концерттік бағдарлама, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ дайындаған флешмобы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін кең көлемдегі жұмыстарды (байқау, семинар, дебат, КВН, флешмоб, авто шеру, лекция, кездесулер) жүргізу мақсатында Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімдігіне «эстафета алауын» салтанатты түрде  табыстау рәсімі өтті (кітап – шағымдар мен ұсыныстарды, іс-шараның өткізілгені туралы ақпараттың енгізілуі).

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Астана қаласы бойынша Департаментінің

баспасөз-қызметі               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив