Өзара тиімді ынтымақтастық

Өзара тиімді ынтымақтастық

13 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімге қол қою екі мекеме арасындағы ынтымақтастықтың қисынды жалғасына айналды.

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов атап өткендей, Елбасы кітапханасы келер ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін қосуда. Академияның тындаушылары Кітапхананың білім беру бағдарламаларының белсенді қатысушылары болып табылады.

«Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру жобалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тұжырымдық идеялары мен жаһандық бастамаларын, жастарға арналған жобаларды жүзеге асыру арқылы «Қазақстандық жолдың» ерекшеліктерін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, Елбасының бағдарламалық құжаттарын және мақалаларын зерттеуге бағытталған. Біз қоғамдық-саяси күн тәртібімен қатар жүруге тырысып, жыл сайын семинар-тренингтердің тақыптарын өзектілейміз», - деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов пікірімен бөлісті.

Қол жеткізген уағдаластық маңыздылығын ескере отырып, Е.С. Мерзадинов және Ә.М. Рақымжанов  қалыптасқан серіктестік қатынастардың сипаттамасына және сапасына қанағаттанатындарын, ынтымақтастықтың өзге де перспективалық бағыттарын жүзеге асыруға дайын екендерін білдірдірді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге және жастар саясатын дамыту саласында өзара әрекеттесуге бағытталған қатынастырды нығайтуға.

Сондай-ақ тараптар республикамыздың қалыптасу және даму тарихын зерттеу бойынша бірлескен мәдени-білім беру, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жобаларын өткізу туралы келісті.

Ортақ пікір бойынша, қазақстандық қоғамды жан-жақты модернизациялау жағдайында  қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша бірлесіп күш жұмылдыру, бірлескен білім беру және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу маңызды.

 

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив