Академия өзінің жоғары дәрежесін дәлелдеді

Академия өзінің жоғары дәрежесін дәлелдеді

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдарының академиясы үшін өткен жылдың мыңызды нәтижесі институционалды және мамандандырылған аккредитациядан табысты өтуі болды.

Бағалауды білім берудің сапасын қамтамасыз ету саласында мамандандырылған отандық мемлекеттік емес «IQAA» агенттігі жүзеге асырды.

Аккредитациялық орган жоғарғы оқу орнының қызметінің сапасын жарияланған мәртебесіне және әлемдік білім беру стандарттарына сәйкестігін тексерді. Рейтингтік талдаудың нәтижелері білім беру қызметтерінің жоғары сапасын дәлелдеді.

Аккредитациядан өту Академияға үлкен артықшылықтарды береді. Ең біріншіден, аккредитация жоғарғы оқу орнының рейтингісінің ары қарай жоғарылауына, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бәсекелестік позицияларының нығайуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар, бұл Академияның xалықаралық танылуы мен әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі интеграциясына,  соның ішінде білім алушылар мен оқытушылар мобильділігін ынталандыруға нақты қадам болып табылады.

Жоғарғы оқу орнының дамуының және білім беру қызметтіерінің сапасының жетілген деңгейінің ресми мойындалуы Академияның қалыптасуы мен жаңа генерациядағы бәсекеге қабілетті мамандар дайындау бойынша жүктелген міндетін жүзеге асыруда маңызды кезеңі болып табылады.

 

Құқық қорғау органдары Академиясының

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив