Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот ісін жүргізу саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының атына жүгінді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот ісін жүргізу саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының атына жүгінді

 

ҚР Омбудсмені Асқар Шәкіров ҚР Жоғарғы Сотымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде оның Төрағасының атына қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат жолдады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына соңғы 12 айда азаматтардың сот шешімдерімен келіспеуі туралы 329 шағым-арызы келіп түсті, бұл тіркелген өтініштердің жалпы санының 26% - ын құрайды. 226 шағым сот ісін жүргізудің қылмыстық түріне, 91 – азаматтық, 12 - әкімшілік түріне тиесілі.

Шағым-арыздардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келіп түскен.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарды қылмыстық қудалау орбитасына жөнсіз тартудың негізгі себебі сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында заңдылық пен іс жүргізу нормаларының бұзылуы болып табылады. Аталған бұзушылықтарға сот бақылауы өкілеттілігі берілген тергеу судьяларының уақтылы баға берілмегені анық.

Арызданушылар өз хаттарында үкімнің негізіне, әдетте, қылмыстық қудалау органының айыптау актісі алынатынын; сот іс материалдарына тәуелсіз сараптамалардың қорытындыларын, қорғау куәгерлерінің айғақтарын қосу туралы өтінішхаттарды қабылданбайтындығы; тергеу барысында іс жүргізу бұзушылықтары назарға алынбайтынын; кінәнің жанама дәлелдемелері жол берілетіндігін жиі атап өтеді.

Жоғарыда аталғандар ҚР Бас прокуратурасының деректерімен расталады, оған сәйкес 2018 жылы апелляциялық сатыда өзгертілген және жойылған сот актілерінің саны 1,5 есеге өсті. Прокуратура органдарының наразылықтары бойынша кассациялық саты 200 – ден астам сотталған адамның жағдайын жақсартты (оның ішінде 12 адам толықтай ақталды, 19-ішінара, қалғандары жазаны өтеу мерзімі, ұстау режимі төмендетілді).

Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының кеңейтілген кеңесінде 2017 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша судьялардың алдында тараптардың сот ісін жүргізуде жарыспалылық қағидатын дамыту және сот процестерінде айыптау еңістігі практикасынан жалтару міндеті қойылғандығы атап өтілді.

Жоғарғы сот органы басшысының назары азаматтардың тергеу және сот процестері барысында қылмыстық іс жүргізу нормаларын бұзу, кінәсіздік презумпциясы қағидаларын сақтамау, сотқа дейінгі тергеу барысында азаптауды қолдану, адвокаттардың қатысуынсыз жауап алу фактілері туралы арыздарына аударылды.

Мәселен, осындай шағымдардың бір авторы сот оның өзі қатысқан жеке басын тану туралы хаттамасын емес, 30 жыл бұрын түсірілген фотосурет арқылы жеке басын тану туралы хаттамасын ұйғарынды айғақ ретінде қабылдағанын көрсетті. Қудалау органы заттай айғақтарды, атап айтқанда, қылмыс құралын таппады, сол себептен, қорғаушы тарап соттың қорытындысы көбінесе куәгерлердің объективті емес түсініктеріне негізделгенін айтты.

Сондай-ақ Омбудсмен азаптаулар туралы жария еткен тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қоғамда талқыға салынған мәселені қарауды ұсынып отыр. Көп жағдайда азаптаулар фактілерінің тиісті тергелуіне күмәнданған жәбірленушілер, жалған мәлімет жеткізгені үшін айыпталудан қорыққандықтан, оларға қатысты жасалған қылмыс туралы жария етуге қауіптенеді. Осыған байланысты, құқық қорғау ұйымдары жоғарыда көрсетілген үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігіне берілетін құқықтарының шектелуімен байланыстырады.

Сондай-ақ шағым-арыздарда алқабилер институтының істің сотта қаралуын кеңейту, сот ісін жүргізудің қылмыстық-іс жүргізу нысаны мен алқабилерге үміткерлердің сотқа дейінгі іріктеу процедурасын  жетілдіру  бөлігінде алқабилер институты дамуының маңыздылығы туралы айтылған. Алқабилердің тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ олардың судьялармен құқықтық қарым-қатынасын нормативтік жетілдіруге жекелеген көңіл бөлінді.

Үндеу хат жолданған тұлғаның назарын сондай-ақ жекелеген судьялардың заңсыз іс-әрекеттері фактілеріне аударды. Осындай оқиғалар  жалпы қоғамның бүкіл сот жүйесіне сенімсіздігін тудыратыны туралы атап өтілді.

Мәселен, Ақтөбе облысының сотының бір топ судьяларының аталмыш сот төрағасының судьялық этиканы жүйелі түрде бұзуы, судьяларға заңсыз қысым көрсетуі фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған үндеу хаты кең ауқымды резонансты тудырды.

Аталмыш мәнмәтінде Омбудсмен Мемлекет басшысының әділ соттылықты жүзеге асыруды заңнамалық реформалау мен сот корпусын сапалы түрде жаңарту туралы тапсырмалары уақытылы және ерен маңызды екенін атап өтті.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде  қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс табатынына  сенімін білдірді.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив