Омбудсмен ЛА 155/12 түзеу мекемесін ведомствоаралық  тексеруге бастама жасады

Омбудсмен ЛА 155/12 түзеу мекемесін ведомствоаралық тексеруге бастама жасады

Соңғы ай ішінде азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) атына Алматы облысындағы ЛА 155/12 мекемесі қызметкерлері тарапынан қатыгез және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттері бойынша сотталғандардың шағымдары келіп түсті.

Орын алған жағдайды анықтау үшін 2018 жылғы 28 тамызда  аталған мекемеге арнайы алдын ала бару жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша ҰАТ тобы қатыгез қарым-қатынасты қолдану қаупінің жоғары факторларын анықтады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде ҰАТ қызметін үйлестіретін адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Бас прокуратураға заңдылықтың бұзылуын жою және өз өкілеттіктерін асыра пайдалануға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында прокурорлық ден қою шараларын қабылдау туралы өтініш жолдады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Бас прокурор қажетті тексеру жүргізу және тиісті шаралар қабылдау мақсатында аталған мекемеге арнайы топ жіберді, оған Бас прокуратураның және Омбудсмен мекемесінің өкілдері кірді.

Мониторинг нысанына бару барысында топ келіп түскен өтініштер аясында мекемеде қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерделеп, сондай-ақ шағым түсірушілерімен және колония әкімшілігімен жеке кездесулер өткізді.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы қажетті шаралар қабылдау үшін Бас прокурорға баяндалатын болады.

 

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив