Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезінде  заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – бұл көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл мемлекеттік органдар немесе өзге де тұлғалар беретін құжаттар.

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган болып табылады. Оның алдына, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, қызметтерді алушылардың құқықтарын қорғау және бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша шараларды жүзеге асыру мақсаттары қойылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру мерзімін бұзу, оларды беруден негізсіз бас тарту, стандартта көрсетілмеген құжаттарды талап ету сияқты бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралуы мүмкін.

Агенттіктің ШҚО бойынша департаменті тек тексеру шараларын ғана жүргізбейтінін атап өткен жөн. Ол көрсетілетін қызметтерді беру кезінде заңнаманың сақталуына бақылау жасау үшін өзге де шараларды жүзеге асырады, соның ішінде қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру арқылы.

Агенттіктің ШҚО бойынша департаменті, бұған қоғамдық ұйымдарды кеңінен тарту жолымен «Жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылау» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұнда қарапайым азамат барлық процесстерін аудио-видео құрылғыларға жаза отырып көрсетілетін қызметті алады.

Мысалы, стандартқа сәйкес, «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін тек өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін) қажет.

Бірақ, жасырын сатып алушыны жүргізу барысында ШҚО-ң бірқатар колледждері диплом телнұсқалары үшін заңсыз 1000-5000 теңге аралығында қаражат сұрағаны анықталды.

Агенттіктің ШҚО бойынша департаменті қабылдаған шаралар нәтижесінде, заңсыз алынған ақшалар иелеріне қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар әртүрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды (сөгіс, қатаң сөгіс).

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру мерзімін, тәртібін бұзу, сонымен қатар, қызметтерді беруден негізсіз бас тарту үшін әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған.

Біз, бүгінгі күні әртүрлі проблемалар мен мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгінеміз, бірақ, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер екенін білмеуіміз де мүмкін.

ҚР-да берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Тізілімде қалыптасқан (700-ден астам қызмет түрі бар). Бұл қызметтердің біраз бөлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес рұқсат құжаттарына жатады.

Мысалы, Агенттіктің ШҚО бойынша департаментіне «Жер учаскесін іздестіру жұмыстары үшін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін беруден негізсіз бас тарту фактісі бойынша ЖШС-ң арызы түсті. Бұл қызмет екінші санаттағы рұқсат болып саналады.

Тексерулер барысында, бұл ЖШС жер учаскесінде іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін 3-рет өтініш білдіріп, 3-рет оған рұқсатты беруден бас тартылғаны анықталды.

Тексерулер қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Шығыс Қазақстан облыстық сотының қаулысы негізінде лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген құқық бұзушылықты жасаған деп танылды, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал көрсетілетін қызметті алушының құқығы қалпына келтірілді, яғни, жер учаскесін пайдалануға рұқсат берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік те қаралуы мүмкін.

Құрметті оқырмандар! Қазақстан Республикасы төрешілдік пен сөзбұйдалығы жоқ, ал азаматтарының қызығушылықтары мемлекетпен толық қорғалған, дамыған 30 елдің қатарына қадам басып келеді. Тәртіптік, әкімшілік, әуелі қылмыстық жауапкершілік құқықтық мемлекеттік құруға және Сіздің құқығыңызды қорғауға толықтай көмектесе алмайды. Сондықтан, мемлекет азаматтардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша превентивті іс-шараларға аса назар аударып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып, «Электронды үкімет» порталы қызмет атқарады. Олар, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністерін жоюға, мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметтерді берушілердің қызметін ашық және есеп беруші етіп қоюына көмектеседі. Сондықтан, мен Сіздерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-ы, «Электронды үкімет» порталы арқылы алуға шақырамын.

 

                                                                                  Е. Жалелов

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекеттік                                                                               көрсетілетін қызметтер басқармасы басшысы                                                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив