Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтамаған «көшбасшылар» анықталды

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтамаған «көшбасшылар» анықталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төралағымен 2018 жылдың 12 шілдесінде орталық мемлекеттік органдардың және басқа да құзырлы ұйымдардың басшыларымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыстың ашылуында Олжас Бектенов әкімшілік кедергілердің азаюына және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне қарамастан көптеген салаларда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері сақталып келетіндігін атап өтті.

Жиналыс барысында ішкі істер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және энергетика министрліктерінде мемлекеттік қызметтерді азаматтарға сапалы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлары талқыланды.

Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Ильдар Уйсимбаев өз баяндамасында «Мемлекеттік органдардың қызметшілерімен артық құжат талап ету, қорытындының ұсыну мерзімін созу жағдайлары анықталды. Анықталған бұзушылықтар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу барысында айтарлықтай кедергілер келтіреді, өз кезегінде бұл мәселе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына  әкеп соғатын жағдай тудыратынын» атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет алушылармен тікелей байланысқа түсу фактілері анықталды, ол да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына септігін тигізді. Мемлекеттік қызметтердің жеке түрлерін «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігінің болмауына байланысты тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетіліп келген.

Талқыланып отырған салалардың сыбайлас жемқорлыққа бейімділігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметімен расталып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының мәліметіне сәйкес, соңғы 3 жыл ішінде талқыланып отырған салалар бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін сотталған тұлғалардың көпшілігі ішкі істер органдары, білім, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларына тиесілі.

Сонымен қатар, жиналыста табиғи монополия субъектілерімен, сәулет және қала құрылысы органдарымен қызмет көрсету мәселесі қарастырылды.

Аталмыш мекемелермен қызмет көрсетудегі ашықтық және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Агенттіктің Төрағасының орынбасарымен қызметтердің автоматизациялану процессін жылдамдату тапсырылды және осы салаларда көрсетілетін қызметтердің бірыңғай орталығын ашу ұсынылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша О. Бектенов мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы мәселелерді шешу бойынша шара қабылдау, сонымен қатар олардың көрсетілу сапасын жоғарылату және болашақта бұзушылықтарға жол бермеу  туралы ерекше тоқталды.

Бұзушылықтардың алдын алу, Арнайы ХҚКО-тары мен ХҚКО-тарындағы «көмекшілерді» жою, электронды мемлекеттік қызмет алу барысындағы ақауларды жою, және де орталық мемлекеттік органдардың жетекшілік ететін салалардағы қызметін үйлестіруді күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив