Агенттік «Цифрлық агент» мобильді қосымшасының таныстырылымын өткізді

Агенттік «Цифрлық агент» мобильді қосымшасының таныстырылымын өткізді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Атамекен» ҰКП жанындағы IT-кеңесімен «Цифрлық агент» қосымшасын ұсынды.

Қосымша Агенттік Төрағасының ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алқа мәжілісіндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Ұсынылған қосымша қазақстандықтарға нақты уақыт режимінде Агенттікті көрсетілетін қызметті алушыларға, оның ішінде ХҚКО-да, салық органдарында, ауруханаларда және басқа да мекемелерде қызмет көрсету сапасы туралы ақпараттандыратын болады.

Бірінші сатыда ХҚКО-тары мен Арнайы мамандандырылған ХҚКО-тарында көрсететін қызметтерді бағалау қарастырылып отыр. Кейін Агенттік осыны басқа көрсетілетін қызметті берушілерге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға таратады.

Халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау критерилерінде сыпайылық пен қызметшінің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және басқа бағалаулар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау 5-баллдық жүйе бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа, қосымша бағалау кезінде фото және видеоматериалдарды қосуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың қосымша арқылы қандай да бір мәселелермен байланысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушілерге оны шешуге 5 минут уақыт беріледі, содан кейін мәселелерді шешуге мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылауды іске асырушы орган ретінде Агенттік қосылады.

Агенттіктің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің ди⁠ректоры Ильдар Үйсімбаев атап өткендей, ведомство «постфактум» бұзушылықтарды мониторингілеуден азаматтардың проблемаларын барынша оперативті түрде шешуге көшеді.

Сонымен қатар, автоматтық режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аймақтар, мемлекеттік органдар және т.б. статистикалық деректері мен рейтингілері қаралып отырады.

Қосымшаны жетілдіру үшін азаматтардың ұсыныстары негізгі қолданушылар ретінде бақыланып отырады.

Қосымшаны ұсыну кезінде Агенттік барлық азаматтарды мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді бағалауды және аталған қосымшаны қолдануға шақырды.

 

 МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив