Бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған

Бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған

Теориялық емтихан тапсыру үшін ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс ережелері күшейді. Нәтижесінде, Шымкентте, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында емтихан тапсыру ережелерін бұзған азаматтардың емтихан нәтижелері күшін жойды.

 Жаңа жүйенің арқасында Мемлекеттік Корпорацияның мамандары қызметалушылардың емтихан барысында жеке компьютерлерге  қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін  микроқұлаққаптарды, HDMI сплиттерді қолданғаны туралы деректерді анықтады. Сонымен қатар, қолдануға тыйым салынған құрылғыларды киімнің жеңіне, не электронды құрылғылар орнатылған киіммен кіруге тырысқан.

Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлғаның көмегіне жүгінген. Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты білдіртіп отырған. Жүйе емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын, терезеге жиі назар аударатынын анықтаса, аудиожазба терезе тұстан келген дыбыстарды тіркеген. Нәтижесінде, емтихан нәтижелері есептелмей, күшін жойды.

«Жаңа жүйе биыл, 16 қазан күні Қазақстанның аумағындағы 83 емтихан сыныбына енгізілген. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсырғаны туралы нәтижелер саны екі есеге азайған. Бұл жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы меңгерген азаматтардың алып жатқандығын дәлелдейтін көрсеткіш», - деп атап өтті Мемлекеттік Корпорацияның Басқарма Төрағасы орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Ал, емтихан нәтижелері жойылған азаматтар емтиханды қайта тапсыруға тек 3 айдан кейін ғана жазыла алады. Осы орайда, жыл басынан бері бір миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілгенін айта кетеміз.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив