Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды

Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды. Сондай-ақ, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаластық жасалды.

Кездесудің негізгі мақсаты құжаттарды қабылдау және теориялық емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру үшін құрылған жаңа ақпараттық жүйелермен танысу болды. Мәселен, ҚР ІІМ-нің қолдауымен жыл басында 2.0 ХҚКО ИАЖ жаңа жүйесі енгізілді. Жүйенің арқасында операторлардың кедендік баж және техникалық паспорттардағы мәліметтерді өңдеу мүмкіндігі жойылды. Бұл шара деректердің тазалығын сақтауға және сыбайлас жемқорлық факторларын азайтуға ықпал етеді. Жаңа жүйе арқылы көлік құралдарын тіркеу үшін 584 мыңнан астам, ал жүргізуші куәліктерін алуға 300 мыңға жуық өтінім қабылданды. Айта кетейік, 2.0 ХҚКО ИАЖ еліміз бойынша 20 өңірде және 86 бөлімде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін беру бойынша жаңа нормативтер ұсынылды. Мәселен, Мемлекеттік корпорация Жол жүру ережелерін тестілеудің 3.0 жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл жүйе теориялық емтихан тапсыру процесін заңнамадағы жаңа түзетулерге сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйеде прокторинг, яғни емтихан тапсыруды онлайн бақылау процедурасы қарастырылған. Қазіргі уақытта ЖҚЕ 3.0 пилоттық жобасы Ақмола облысында іске қосылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл жобаның ауқымын кеңейту жоспарлануда.

"Біз мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Еліміздің барлық өңірлерінде емтихан сыныптарында бейнебақылау камералары орнатылған. Күту залдарында емтихан процессін көріп отыруға болады. Мәселен, кез-келген азамат тест тапсырудың  қалай өтіп жатқанын бақылап отыра алады", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар іс-шараларды жалғастырады. Қазір еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында алаяқтық әрекеттермен күресудің жаңа әдістерін іске асыру қарастырылып жатыр. Тәжірибелік емтихан тапсыруды бақылау үшін "Computer Vision" технологиясын қолдана отырып, жаңа жүйе енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйе емтихан тапсыру кезіндегі ашықтықты арттыра отырып, емтихан тапсыру барысын жеделдететін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив