АвтоХҚО-да жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

АвтоХҚО-да жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі таныстырылды

2021 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының №1 мамандандырылған ХҚО-да БАҚ өкілдері үшін баспасөз-туры өткізілді. Іс- шара барысында теориялық емтихан тапсыру кезіндегі жаңа биометрия жүйесі мен жаңартылған автодром туралы журналистерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері – Басқарма төрағасы Әділ Қожықов, Сервис жөніндегі Басқарушы директор Бахтияр Мұхаметқалиев және IT инфрақұрылымы департаментінің директоры Марат Тұрсынов айтып берді.   

Басқарма Төрағасы Әділ Қожықовтың айтуынша, жүргізуші куәлігін «сатып алу» жағдайлары анықталғаннан кейін Мемлекеттік корпорация емтихан тапсыру барысының бақылауын күшейтті. Ол үшін теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйе енгізілді.

«Біз жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан процесін барынша ашық етуді көздейміз. Қазір Нұр-Сұлтанда "теорияны" тапсыру кезінде бөгде адамдардың қатысуын толығымен болдырмайтын арнайы биометриял жүйесі енгізілді. Келесі жылы ол барлық өңірде болады деп  жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ елорда автодромындағы жабдықты жаңарттық. Бұрын ескірген магнитті датчиктер үнемі істен шығатын, өйткені емтихан тапсырушылар белгілерді қағып, бордюрлерге көлік соғатын. Сондықтан жөндеу жұмыстарына байланысты автодром ара-тұра жұмыс істемей тұратын. Енді мұндай проблема болмайды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Әділ Қожықов.

IT-инфрақұрылым департаментінің директоры Марат Тұрсыновтың айтуынша, егер бұрын «теорияны» тапсыру кезінде емтихан тапсырушы тек жеке куәлігін көрсетсе, енді арнайы биометриялық жүйе оның құжаттағы бейнесі мен бет-әлпетін сәйкестендіретін болады. Сонымен қатар әр теориялық емтихан тапсырылатын компьютер жанына бейнекамера орнатылған.

Жаңартылған автодромды БАҚ өкілдеріне Сервис жөніндегі Басқарушы директор Бахтияр Мұхаметқалиев көрсетті. Техникалық жұмыстарға байланысты практикалық емтихан біраз уақытқа тоқтатылған болатын. 2021 жылғы 2 желтоқсанда №1 мамандандырылған ХҚО-да жаңа GPS жүйесі бар автоматтандырылған автодром іске қосылды. Ол  автодром аумағындағы және емтихан барысындағы көлік қозғалысы мен маневрларды есепке алып, талдау жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2021 жылдың қараша айында елорданың мамандандырылған ХҚО-да 1989 адам жүргізуші куәлігін алуға өтініш берді. Олардың 1003-і «теориядан» өте алмай, 887-і практикалық емтиханды тапсыра алмады. Тек 99 адам екі емтиханнан да сәтті өтіп, жүргізуші куәлігін алды.

 

Анықтама: Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі

- Автомектепте көлік жүргізуді үйрену, жол ережелерін жаттау.

- Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі медициналық анықтама, автокурстан өткені туралы куәлік («B» санаты үшін міндетті емес), мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек. Мемлекеттік баж мөлшері – 1,25 АЕК.

- Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. 32-сіне дұрыс жауап берілсе, емтиханнан өткен болып саналады.

- Көлік жүргізу бойынша практикалық емтихан. 20 минут ішінде автодромда 12 жаттығу маневрын жасау керек.

- Екі емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жүргізуші куәлігі мамандандырылған ХҚО-да екі сағат ішінде беріледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив