ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАР КӨМІРМЕН ТІКЕЛЕЙ ӨНДІРУШІДЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАР КӨМІРМЕН ТІКЕЛЕЙ ӨНДІРУШІДЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Жылыжай шаруашылықтарын көмір отынымен бір қолдан қамтамасыз ету үшін «Turkistan resource» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, көмір отынын өндірушілерден тікелей тасымалдау бойынша келісім шарты жасалды. Келісім шартқа сәйкес 2024 жылдан бастап «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамынан жылыжай шаруашылықтарына тікелей 150 мың тонна көмір отыны жеткізіледі. Жалпы облыста 1640 га жылыжай бар, оның ішінде 634 га жылыжай көмірмен жылытылады. Яғни 275 мың тонна көмір қажет етеді. Қазіргі таңда 95 мың тонна сатып алынды. 

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан жылыжай шаруашылықтарының мәселесін Үкімет деңгейінде көтерудің нәтижесінде оларды қолдаудың жаңа тетіктеріне қол жеткізіп, жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы орайда, жылыжайларды жылыту шығындарының 20 пайызы субсидияланады. Оның ішінде фермерлік жылыжайлардың гектарына 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға 8,1 млн. теңге бөлінеді. Бұл мақсатта биыл 500 млн. теңге қаржы бөлінді. 

Облыста фермерлік жылыжайларды «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік стандарттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге жылыжай шаруашылықтары тарапынан 732 өтінім тапсырылып, 531 фермерлік жылыжай сертификатталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив