Жылыту маусымында коммуналды-тұрмыстық мақсаттағы көмір ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілді

Жылыту маусымында коммуналды-тұрмыстық мақсаттағы көмір ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биылғы жылыту маусымында ішкі нарыққа арналған коммуналды-тұрмыстық мақсаттағы көмірді үздіксіз жеткізіп, өндіруші компанияларды теміржол көлігімен қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жұмыс атқарды.

Мәселен, министрліктің бастамасымен жылыту маусымын өткізу бойынша штаб құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, көмір өндіруші компаниялардың, сондай-ақ Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының өкілдері кірді. Аталған штаб халықты коммуналды-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, өндіруші компанияларға теміржол вагондарын уақтылы жеткізуді бақылау, сонымен бірге  магистралды теміржол желілерінің өткізу қабілетін кеңейту бойынша мониторингті күнделікті жүргізіп отырды. Оның нәтижесінде ішкі нарықта қатты отынның тапшылығы байқалған жоқ.

Биылғы жылу беру кезеңінде халық пен энергия өндіретін компаниялардың тарапынан көмірге деген сұраныс әдеттегіден әлдеқайда жоғары болды. Мысалы, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес елімізде отынның осы түрін тұтыну көлемі 81,4 млн тоннаға жетіп, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Бұған қоса былтыр халықтың коммуналды-тұрмыстық қажеттілігіне арналған 11,03 млн тонна көмір жеткізіліп, 2021 жылға қарағанда оның 3,1%-ға артық болғаны байқалды.

Көмірге сұраныстың артуы күн райының қолайсыздығымен, өңірлердегі газдың шектеулі көлемімен (әсіресе Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында), сондай-ақ республика аумағындағы энергия тұтыну деңгейінің ұлғаюымен байланысты болды. Сол секілді ішкі нарыққа арналған көмірдің сыртқа шығарылып, қайта сатылуы жағдайды біраз қиындатты.

Айта кету керек, елімізде коммуналды-тұрмыстық көмір қолайлы бағада, яғни орта есеппен тоннасы 15–20 мың теңге аралығында сатылады.

Осы ретте аталған саладағы алыпсатарлық «кәсіпті» құрылыс, азық-түлік саудасы және көмір өндіру саласынан тыс басқа компаниялар жүзеге асырғанын айта кеткен орынды. ҚР ИИДМ республика аумағынан қатты отынды бақылаусыз алып шығаруды алдын алу үшін былтыр аталған өнімді автокөлікпен шығаруға тыйым салған болатын. Алайда соған қарамастан алыпсатарлардың оны теміржол көлігімен экспорттауға әрекет жасағаны белгілі болып отыр. Ресейдің кедендік органдары мен тиісті агенттіктерінің деректері бойынша көмірді құрылыс, жылыжай мен азық-түлік саудасымен айналысатын ұйымдардың тасымалдағаны көбейген. Демек бұл қайта сатудың болғанын  растайды. Айталық, былтыр «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның кенішіне таяу стансадан көмір өндірісіне қатысы жоқ (өндірушімен тікелей байланысы жоқ) компаниялардың  70 630 тонна тас көмірді экспортқа шығарғаны мәлім болды. Ведомство мұны ескеріп, қазір көмірді өндіру және байытумен айналыспайтын тұлғалар үшін осы ресурсты Қазақстаннан теміржол көлігімен әкетуге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. 

Халықтың биылғы маусымдағы сұранысын қамту үшін өндіруші кәсіпорындар коммуналды-тұрмыстық көмірді ішкі нарыққа жеткізу бойынша жоспарды асыра орындады. Атап айтсақ, 2022 жылы «Шұбаркөл Көмір» АҚ 4, 478 млн тонна мөлшерінде өнім жөнелтіп, бұл 2021 жылға қарағанда  6%-ға көп. «Қаражыра» АҚ 2 450 тонна көмір жеткізіп, 2021 жылмен  салыстырғанда көрсеткіш 5,3%-ға ұлғайған. Сонымен қатар «Майкубен-Вест» АҚ 905 мың тонна қатты отын тасымалдап, сәйкесінше өндіріс динамикасы 2021 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға артық.

Бұл орайда коммуналды-тұрмыстық мақсатқа арналған өнімге деген сұраныстың ұлғаюына байланысты «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның өндіріс процесіне айтарлықтай жүктеме түскен. Мәселен, аталған компанияға жоспардан тыс республиканың бірнеше өңіріне көмір жөнелтуге тура келген. Оның ішінде былтырғы маусым-тамыз аралығында Алматыға 29,5 мың тонна көмір жеткізіліп, бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 7 мың тоннаға көп. Қостанай облысына шілде-қараша айларында 137,8 мың тонна жөнелтілді (бұл 2021 жылдағы көлемнен 56,8 мың тоннаға артық). Қарағанды облысына 2022 жылы 730 мың тонна тасымалданған (бұл 2021 жылмен салыстырғанда 101,6 мың тоннаға артық).

Тұтастай алғанда, былтыр елімізде 113,9 млн тонна көмір өндіріліп, 2021 жылдағы көрсеткіштен бұл 2%-ға жоғары (2021 жылға – 111,7 млн тонна). Ал экспорт көлемі 32,5 млн тонна деңгейінде тұрақтады. 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив