СҚО-да саптық байқау барысында полицейлердің қысқы уақытта қызмет атқаруға дайындығы тексерілді

СҚО-да саптық байқау барысында полицейлердің қысқы уақытта қызмет атқаруға дайындығы тексерілді

Қысқы киім үлгісіне көшуге байланысты Петропавлдағы «Динамо» стадионында облыстық және қалалық полицияның жеке құрамының саптық байқауы өткізілді.

Патрулдік полиция батальонының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, тергеушілер, облыстық және қалалық полиция аппаратының қызметкерлері және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері сапқа тұрғызылды. Командирлер әр офицер мен сержанттың қысқы уақытта қызмет атқаруға дайындығын тексерді. Мәселен, патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары халықпен тығыз жұмыс істейді. Олар қызметтің көп уақытын ашық аспан астында өткізеді. Азаматтар олардың сырт келбетіне, киім киісіне қарап, жалпы полицияға баға береді. Полиция департаменті бастығының орынбасарлары полиция полковниктері Айдос Ідірісов пен Сәуле Андағұлова қызметкерлердің сырт келбетінен бөлек, олардың қызметтік куәліктерін, жеке нөмірлері жазылған жетондарын, арнайы амунициясын тексерді.

Полицейлер саптық байқау соңында ведомстводағы мәдени орталықтың үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен қызмет атқару орындарына аттанды.

Саптық байқаулар кемінде жылына екі рет өткізіледі. Дәстүрлі іс-шара саптық мәдениетті, бөлініс құрамында әрекет ете білуді арттыруға көмектеседі; жарғыны білуді, бөлімше құрамындағы тәртіпті нығайтады. Өйткені аталмыш бөліністердің қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы шепте болады. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив