Қазақстан мен Литва ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытын растайды

Қазақстан мен Литва ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытын растайды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Литва Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Мантас Адоменас Қазақстан мен Литва арасындағы саяси консультацияларының кезекті раунды барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымын және әлемдегі қазіргі халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Тараптар елдер арасында қазіргі геосаяси жағдайдың ең өзекті мәселелері және өңірдегі қауіпсіздік сын-тегеуріндеріне ден қою бойынша өзара түсіністік сақталатынын тұрақты саяси диалог қалыптасқанын растады. Сондай-ақ әртүрлі халықаралық платформаларда тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетін бастамаларына өзара қолдау да көрсетіледі.

Р. Василенко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған реформаларды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысты атап өтті. Осы тұрғыда М. Адоменас: «Сіздің еліңіздегі реформалар үдерісі жігерлендіреді әрі Қазақстан дамуының және оның Еуроодақпен ынтымақтастығының жаңа деңгейінің іргетасына айналады», – деп атап өтті.

Консультациялар барысында талқыланған өзекті мәселелердің бірі сауда-экономикалық ынтымақтастық және оған қазіргі геосаяси жағдайдың әсерін азайту мәселесі болды. Бүгінде Литва Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан Литваның әлемдегі жиырма ірі сауда серіктесінің қатарына кіреді. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 28,7%-ға өсіп, 584,3 млн АҚШ долларын құрады. Энергия, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізумен қатар, елдер инвестициялық жобаларды да жүзеге асыруда. Тараптар Батыстың санкциялық режимдерінің Қазақстан экономикасына және екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығына әсерін нивелирлеу мақсатында белсенді және нақты диалогты жалғастыру маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Литваның еліміздегі тоғыз құрметті консулы (жақын арада олардың саны тағы төртке артады деп күтілуде) мен Қазақстанның Литвадағы үш құрметті консулының қызметіне жоғары баға берілді.

Консультацияларға қатысушылар сауда-инвестициялық саладағы өзара іс-қимыл екі ел ынтымақтастығының басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Атап айтқанда, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) Каунас пен Вильнюстегі теміржол интермодальдық терминалдармен, сондай-ақ Клайпеда теңіз портымен ұштастыру мәселесін қарастырды. Бұл шара қазақстандық және басқа транзиттік жүктерді балтық елдері, Скандинавия мен Батыс Еуропа нарықтарына жеткізуге мүмкіндік береді. Ү.ж. мамыр айынан бастап Литва Халықаралық көлік форумының төрағасы ретінде осындай өзара іс-қимылды белсенді түрде ілгерілетуге ниетті. Осыған байланысты Р. Василенко мен М. Адоменас Астанада орналасқан ТХКБ қауымдастығы мен Литва темір жолы (LTG) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар тараптар екі елдің білім және мәдениет саласындағы кооперациясын дамыту үшін, оның ішінде Литвадағы қазақстандық студенттер санын ұлғайту және тарихи мұра объектілерін сақтау саласында нақты қадамдар белгіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Xajpbx 7 августа 2023 19:32

    buy fenofibrate 160mg without prescription <a href="https://fenoficor.com/">order tricor 200mg without prescription</a> tricor online order

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив