Елордалық полицейлер саптық байқауды өткізді

Елордалық полицейлер саптық байқауды өткізді

Елордалық полиция департаментінің жеке құрамын жазғы киім нысанына көшіру, олардың үлгілі сыртқы киім келбетін қалыптастыру, саптық дағдыларды жетілдіру мақсатында «саптық байқау» өткізілді. Саптық байқауды Астана қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев өткізді.

          Дәстүр бойынша бұл күні жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдап, бірінші офицерлік погондарын алды.

«Сіздер ант қабылдау арқылы халыққа қызмет ету, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметіңізді абыроймен атқару, қызметтік борышыңызды лайықты әрі батыл орындауға, Қазақстанның тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының қорғалуы бойынша жоғары жауапкершілікті алдыңыздар», -деді  Марат Төлебаев.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін учаскелік инспекторлар, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ПД бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Саптық байқау барысында басшылық қызметкерлердің қызмет көрсетуге дайындығын, саптық даярлығы мен  нысанды киіммен қамтамасыз етілуін тексерді. Алаңға түрлі бөлімшелердің қызметкерлері жиналды: учаскелік инспекторлар, тергеушілер, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтар. Олардың барлығын бір міндет біріктіреді – елорда көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету.

Департаменттің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша басшылықтың алға қойған міндеттерін орындауға қабілеттері мен дайын екендіктерін тағы бір мәрте көрсетті.

Саптық байқау астаналық полиция гарнизоны күштерінің салтанатты өтуімен аяқталды. Тәртіп сақшыларының колонналарының соңынан арнайы техника өтті.

Саптық байқаудан өткен жеке құрам, қала аумағында қызмет атқаруға кірісті. 

Астана қ. ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив