«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикасының алғашқы күнінде СҚО полициясының саптық байқауы өтті

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикасының алғашқы күнінде СҚО полициясының саптық байқауы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы облыстық және қалалық ведомстволардың жеке құрамының жазғы уақытта қызмет атқаруға дайындық деңгейін тексерді. Полицияның кешенді күштерінің гарнизондық саптық байқауы «Динамо» стадионында өтті, оны полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров өткізді.

Учаскелік инспекторлар, ювеналдық полиция, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – бұл бөлімшелердің қызметкерлері тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа-райында ашық аспан астында қызмет атқарады. Саптық байқау барысында командирлер мен басшылық жеке құрамның жылы мезгілдегі қызметке дайындығын тексерді. Облыстық және қалалық полиция қызметкерлерінен бөлек Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері де сапқа тұрғызылды. Байқауда құқық қорғау органдарының сырт келбетіне, олардың жабдықталуына мен саптық дайындығына назар аударылды. Саптық байқаудың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сақадай сай.

26 сәуірден бастап облыс аумағында полицейлер «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Операцияның мақсаты – мамыр мерекелері қарсаңында қылмыстық жағдайды тиісті деңгейде ұстау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Күн сайын жедел-профилактикалық іс-шараға барлық жетекші бөлімшелердің жүздеген қызметкері жұмылдырылады. Іс-шараның алғашқы тәулігінде полицейлер 400-ден үйлерді, саяжайларды және қараусыз қалған ғимараттарды аралап шықты. Полицияда түрлі есепте тұрған 674 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Жалпы, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша 496 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында – 92, ұсақ бұзақылықтың 40 дерегі тіркелді. Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін бір тәулікте 7 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің 40 бұзушылығы жасалды. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы 28 сәуірде аяқталмақ. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив