Үнсіздік үшін төлем: Жамбыл облысында миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

Үнсіздік үшін төлем: Жамбыл облысында миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпағаны үшін оның 990 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты. 

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының  қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 1994, 1995, 1999 және 2004 жылы туған төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

24 пен 28 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты "ешқайда кетпеу туралы" жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив