Зульфия Габидуллина мектеп оқушыларымен табысты болудың құпияларымен бөлісті

Зульфия Габидуллина мектеп оқушыларымен табысты болудың құпияларымен бөлісті

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен атақты жүзуші, әлемнің бірнеше дүркін рекордсмені, Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина Тараз қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің оқушыларымен кездесті. 

Зульфия Габидуллина оқушыларға өзінің өмір жолы мен спорттық мансабындағы алғашқы қадамдары туралы айтып берді. Ол жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтті. 

Оқушылармен әңгіме барысында Зульфия Габидуллина табысты болудың құпиясы - тынбай еңбектену, сондай-ақ мақсатқа жету үшін табанды жұмыс істеу қажеттігін баса айтты. Өз сөзінде атақты спортшы адамның алдағы кедергілер мен қиындықтарға қарамастан жеке тәртіпті сақтап, ерік-жігерді шыңдап, алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі басым екендігіне ерекше назар аударды. 

- Салауатты өмір салтын таңдаған адам тыйым салынған, сондай-ақ  адам денсаулығына зиян келтіретін заттармен "әуестенбейді". Сондықтан кішкентай кезінен бастап балалардың бойында спортқа деген сүйіспеншілікті ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру өте маңызды. Мұндай кездесулер маған да, балаларға да тамаша көңіл-күй сыйлап, сергек сезінуге мүмкіндік береді, бүгінгі алған жағымды энергия бойымызда ұзақ уақыт сақталатын болады, - дейді Зульфия Габидуллина. 

Балалар құрметті қонақты мұқият тыңдап, оған өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Соңында естелік суретке түсті. 

Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылар үшін "Синтетикалық есірткіні тарату мәселелері туралы" тақырыбында дәріс өткізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Abdul 30 августа 2023 02:33

    Simply want to say your article is as astounding.

    The clarity in your post is simply cool and i can assume you are an expert on this subject.
    Fine with your permission allow me to grab your RSS feed
    to keep updated with forthcoming post. Thanks a million and please keep up the enjoyable
    work.

    Check out my site - farmacia de mectizan 12

  2. аватар
    Del 13 января 2024 13:56

    Howdy! I know this is kind of off topic but I was
    wondering which blog platform are you using
    for this website? I'm getting sick and tired of Wordpress because
    I've had issues with hackers and I'm looking at options for another
    platform. I would be awesome if you could point me Einkauf
    von omeprazole in Italien online
    the direction of a
    good platform.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив