Қоғамдық жұмыстарға тарту – түзеудің бір түрі

Қоғамдық жұмыстарға тарту – түзеудің бір түрі

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның  жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімінен кешіктірілмей орындалады. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беруі қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды.

      Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 43-бабына сай, қоғамдық жұмыстар қылмыстық теріс қылықтар үшін – жиырмадан екі жүз сағатқа дейiнгі мерзімге, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін екі жүзден бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар: 1) қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға – қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алуға; 2) қылмыс үшін сотталғандарға қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.  Ағымдағы жылы Жаңақала аудандық сотының өндірісінде әр түрлі санаттағы қылмыстары үшін 5 сотталушы қоғамдық жұмыстарға тартылған болатын. Оларға теріс қылық жасағандары үшін 80 сағаттан 120 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, І немесе ІІ топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.

Г.Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив