Тараздық оқушылар

Тараздық оқушылар "Есірткісіз өмір" акциясына қосылды

Тараз қаласының Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында "Есірткісіз өмір" акциясы өтті. Шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласының 1-ПБ ювеналдық полициясы қалалық жастар ресурстық орталығының, облыстық ПД кинологиялық қызметінің қолдауымен ұйымдастырды.

"Қарасора-2022" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өткізілген акция барысында полиция қызметкерлері жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және олармен байланысты қылмыстарды жасаудың салдары туралы айтып берді, кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен көрсетілім  қойды.

⁃ Акцияның негізгі мақсаты-жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани - адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, спортпен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

11-сынып оқушысы Айсана Оразқұлова барлық құрдастарын акцияға қатысуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

⁃ Егер біз үнемі спортпен шұғылданып, түрлі үйірмелерге қатысатын болсақ, онда мен және менің құрдастарым жаман әдеттерден аулақ болар едік. Бүгінгі тәртіп сақшыларымен кездесу кезінде бұл туралы мәнді  әңгімелер болды , - деді ол.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив