Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді

Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған екі сотталғанның  жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 13.09.2022 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша В есімді азамат 1 (бір) жыл 4 (төрт) ай 27 (жиырма жеті) күнге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, Байқоңыр қалалық пробация есебіне алынады.

Есепке алынған уақыттан бастап, сотталғанға жаза өтеу тәртібі мен шарттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жаза өтеу тәртібін орындамаған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына қайта ауыстырылатындығы ескертілген. Алайда, аталған сотталған тиісті нәтиже шығармай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар тіркеуге келмей,  жаза өтеу талаптарын қаскөйлікпен бұзған.

Осыған байланысты, Байқоңыр қалалық пробация қызметі инспекторларымен сотқа бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс келтірілген. Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, соттың қаулысымен сотталған түзеу мекемесіне жіберілді. Қаулы заңды күшіне енген.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы м.а. әділет капитаны   

Е.Жақсылықов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив