Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді

 

Жыл басынан Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 4 (төрт) сотталушының жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.

Жуырда Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда қаласының №2 сотының 28.10.2019 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша бас бостандығынан айыру жазасының 3 (жыл) жыл 4 (төрт) ай 15 (он бес) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген В. есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды. 03.08.2021 жылы істі негізі бойынша қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді. Пробация есебіндегі  В. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады.

Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн. 

Е. Жаксиликов 

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің

бастығы міндетін атқарушы

әділет аға лейтенанты                                                                   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив