Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған сот залынан қамауға алынды

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған сот залынан қамауға алынды

Жуырда Шиелі аудандық сотында жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бірнеше рет бұзған аудандық пробация есебіндегі А., есімді азаматтың ісі қаралды. Қарақшылық бабымен істі болған азамат аудандық пробация есебіне 2020 жылы есепке алынады. Сотталғанды есепке алу барысында пробация қызметкерлері  оған сот қаулысы бойынша жүктелген міндеттері, ҚК-нің 44-бабына сәйкес және ҚР ҚАК-нің 63,64,66,67,68-баптарына сәйкес жаза өтеудің шарттары, тәртібі және жауапкершілігі толық түсіндірілген. Сонымен қатар, жаза өтеу шартын қаскөйлікпен бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы, бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндіріліп қолхат алынады.

Алайда, сотталған өзіне жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен қайталайды.

 Аудандық пробация қызметі сотталғанға қатысты сотқа ұсыным жолдайды. Ұсынымы негізінде , Шиелі аудандық сотының 12.05.2021 жылғы қаулысымен ҚР ҚК-нің 44-бабының 3бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 3 жыл 5 ай 26 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып,  сот залынан қамауға алынды. 

Сотталғандар тарапынан жаза өтеу тәртібін бұзудың алдын алу мақсатында, сот процесіне карантин тәртібін сақтай отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған 4 азамат қатыстырылды.

«Әрбір пробация қызметінің есебіне алынған тұлғаға үнемі сот қаулысымен жүктелген міндеттері, жаза өтеу тәртібі мен шарттары және жауапкершілігі мен құқықтары толық түсіндерілуде. Соған қарамастан жаза өтеу тәртібін бұзып жүрген сотталғандар аз емес. Жыл басынан пробация есебінде тұрып,  жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған 6 сотталған сот қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамаққа алынып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді»,- дедеі аудандық пробация қызметінің бастығы Қ.Байгенжеев. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив