Сотталғандарға арналған кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

Сотталғандарға арналған кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

Кітап – адам жанының рухани азығы, адамгершіліктің  қайнар  көзі,  өмір  айнасы, тарих  шежіресі, өнер-білім  бұлағы.

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 кітапханасы 285 дана жаңа кітаппен  толықты. Әдеби кітаптарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы тарту етті.

«Мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Мекемеде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана қорында 1500-ге жуық  кітап бар. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады. Оның ішінде қазақтың ұлы ақын жазушыларының , орыстың классик жазушыларының роман- повестері   бар. Кітап оқитын сотталғандардың саны өскен Кітап оқу ой-өрісіңді дамытып, болашаққа деген сенім пайда болып,  өзінді тануға көмектеседі. Кітапхана қорын кітаппен  толықтыру, жаңалау мекеме әкімшілігінің үнемі назарында»,- дейді жасақ бастығы әділет капитаны Сұлтан Айғара.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив