Кітап оқитын сотталғандардың саны артып келеді.

Кітап оқитын сотталғандардың саны артып келеді.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде қамауында отырған сотталған азаматтар арасында кітап оқитындардың саны артып келеді. Осыған байланысты кітапхана қызметкері Айдос Әбдіқалықов кітап қорын арттыру мақсатында жан-жақты тынбай ізденіп отырады. Алғаш жұмысқа орналасқанда, мекеме кітапханасында 2000-ға  жуық кітап  бар болатын. Және де оның көпшілігі орыс тілінде жазылған шығармалар. Сол уақыттан бері, бір жылдан астам кезеңде 4 200 кітап қорымен толықтырылды. Мекемеге келген кез-келген кітаптарды  алдымен  теологтары мен РжКБ-нің қызметкерлері тексерістен өткізеді.Тексеру барысында, әкелінген құнды сыйлар арасынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттар  анықталған жоқ.

«Мекеме қамауындағылардың дені қазақ тілді азаматтар. Сондықтан қазақ тілінде жазылған көркем әдебиеттер санын артыру үшін, өзге кітапханалар мен жеке кітап қоры бар азаматтарды іздеп тауып, олардың келісімімен кітапхана қорын көбейтуді қолға алдым. Ағымдағы жылдың басында,  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  директоры  Г.Ш.Рахметова мен кітап қорын өңдеу және толықтыру  бөлімінің кітапханашысы А.Д.Жаманаеваның қолдауымен, кітапхана қорын 150 кітапқа толықтырдым. Ал, жақында ғана , қаламыздағы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 300 –ге жуық кітап әкелдім. Оның  ішіндегі 93-і қазақ тіліндегі құнды дүниелер», - деді кітапханашы Айдос.

Шаруашылық бөліміне қалдырылған О. есімді сотталған күнделікті жұмыстарын аяқтап болған соң , мекеме кітапханасына жиі барып тұрады. Екі жыл ішінде, 57 кітап оқып шығыпты. Соның ішінде жыл басынан бері оқыған 13 кітаптың  барлығы көркем шығармалар екен. Менің соңғы оқыған кітабым,Тұрақ Адисұлының төрт бөлімнен тұратын «Жеңіс сарбазы» атты шығармасы. Кітапта Ұлы Отан соғысы кезіндегі совет сарбаздарының ерлігі  мен адамгершілік қасиеттері баяндалады. Жалпы кітаптың өн бойынан туған жер, адам өмірінің мән-мағынасы адалдық, парасаттылықты айқын аңғаруға болады. Сондай-ақ уақыттың, заманның ағымы жайлы, бүгінгі күннің аянышты көріністері, келешегімізді кемелдендіру жайлы айтылар әңгімелер де жетерлік-деп, оқыған шығармасы жайлы бөлісті.

Орамды ой, салмақты сөз қозғаған жазаланушының бұл мәлімдемесіне қарап, кітап оқи отырып, оның рухани дүниесінің өскендігін байқауға болады. Олай болса, мекеменің тәрбие бөлімі мен кітапханашының сотталғандарды қоғамға қайта қалыптастырып, дұрыс көзқарасқа бағыттау бойынша атқарылған шарасының зая кетпегені анық.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.