Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласындағы оқиғалар қатары мен атқарылған жұмыстар жөнінде

Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласындағы оқиғалар қатары мен атқарылған жұмыстар жөнінде

Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласы «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық көмек», «Салауатты ұлт», «Ауылды жаңғырту» және ел Президентінің “Балалар жылы” жобаларын  жүзеге асыруда басты бағыттарды ұстанып келеді. Салада негізгі демографиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік маңызды аурулар саны едәуір төмендеді:

  • нәресте өлімі – 12,3%-ға; ана өлімі тіркелген жоқ (2021 жылдың 6 айы – 3 апта);
  • Жалпы өлім – 15,3%-ға, туберкулезден 12,5%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан 26,0%-ға қысқарған.
  • Туберкулезбен сырқаттанушылық 5,4%-ға, қатерлі ісіктер 13,6%-ға, қан айналымы жүйесі аурулары 7,9%-ға төмендеді.
  • Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Талас ауданында, «Үздік тәжірибелер орталығын» ашып, сондай-ақ, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан орталықтарды аралап, сондай-ақ облыстық перинаталдық орталыққа барып, медицина қызметкерлерімен, халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті;
  • Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында кішкентай балаларға операциядан кейінгі күтім жасайтын кардиохирургия бөлімі ашылды;
  • «Аяла» балаларды оңалту орталығы пайдалануға берілді;
  • Алғаш рет шала туылған нәрестелердің көз торының лазерлік коагуляциясы енгізілді; Жаңа туған нәрестелерді құтқару үшін автоматты гипотермия кешені сатып алынды;
  • №2 қалалық емхана базасында «Жан-Нұр» облыстық жастар орталығы ашылды;
  • Туысқан донордан бүйрек трансплантаты жасалды;
  • Күйіктерді қалпына келтіру үшін ең күрделі ота жасалынды;
  • Облыс орталығы деңгейінде мамандарды кәсіби даярлау: донорлық және трансплантация бойынша семинар; эндовидеохирургия (оның ішінде Меркі аудандық орталық ауруханасындағы жаңаша технологиялармен жасалған шеберлік сыныптары) эндокриндік хирургия (Оңтүстік Корея), тиімді менеджмент (РНС Ұлттық қауымдастығы) бойынша халықаралық және ұлттық мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды;
  • Таразда алғаш рет Республикалық офтальмологтар конгресі өтті;
  • Дерматовенерологтар форумы; ДДҰ ұлттық консультанты, Республикалық психикалық денсаулық орталығы және РДК Ұлттық қауымдастығының қатысуымен психикалық денсаулық мәселелері бойынша семинар-кеңес жүргізілді;
  • «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығымен АМСК инновациялық технологияларды енгізу және мамандарды кәсіби даярлап, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросымен одан әрі ынтымақтастық орнатылды;
  • Кадр тапшылығын азайту, медициналық техникамен қамтамасыз ету шаралары қабылданды;
  • Талас ауданының Үшарал ауылында типтік дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді;
  • Байзақ орталық аудандық ауруханасы және ауылдық жерлерде 20 нысанның құрылысы қолға алынып, 9-ын күрделі жөндеуден өткізу және 2 медициналық нысанды қайта құру жұмыстары басталды;
  • Бірқатар нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға 37 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, 9 медициналық нысанның құрылысы мемлекеттік сараптама сатысында;
  • Меркі ауданында және Шу қаласының қалалық ауруханасында ауданаралық ауруханалар құру - халыққа жедел жәрдем (жедел коронарлық синдром, инсульт, полижарақат және хирургия, акушерлік), оңалтып, уақтылы көмек көрсету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді;
  • Сызықтық үдеткіш орнатылған радиологиялық бөлімшенің құрылысы және облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығын пайдалануға беру жақын қалды.

Маңызды оқиға –«Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті аясында «ALTN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының иегерлері болып танылды: «Үздік балалар ауруханасы – облыстық көпсалалы балалар ауруханасы (1 орын), «Үздік» облыстық аурухана – Мерке аудандық ауруханасы (2 орын), «Елдің үздік жедел жәрдем көмегі – облыстық жедел жәрдем стансасы (3 орын), «Еліміздің үздік акушерлік ұйымы – облыстық көпсалалы аурухананың перинаталдық орталығы (2 орын).

Бұл облыста жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған денсаулық сақтау іс-шараларының бір бөлігі ғана. Алда әлі де атқарылар істер мен қойылған міндеттер легі бар. Бастысы - ұлт саулығын қалыптастыру мен сақтау - қашан да маңызды міндет болып қалмақ.                                                    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Mavis 13 апреля 2024 13:36

    Having read this I thought it was really enlightening.
    I appreciate you taking the time and effort to put this short article
    together. I once again find myself spending a lot of time both reading
    and leaving comments. But so what, it was still
    worth it!

    Feel free to visit my homepage; finasteride pour le traitement efficace

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив