ЖАМБЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЖҮЗГЕ ТАРТА ЖАС МАМАН ТАРТЫЛДЫ

ЖАМБЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЖҮЗГЕ ТАРТА ЖАС МАМАН ТАРТЫЛДЫ

Жамбыл облысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. COVID-19 пандемиясының күрделілігіне қарамастан, медициналық ұйымдар белгілі бір оң жетістіктерге қол жеткізді.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Ол жалпы медико-демографиялық көрсеткіштердің жағдайына тоқталып, табиғи өсім көрсеткіші 3 %-ға, туу көрсеткіші 7,6%-ға өскенін мәлімдеді. Бала өлімі төмендеп, 1000 нәрестеге шаққанда 8,1 промильді құраған.

«Өңірде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша жағдай тұрақты.

Туберкулездің өлім-жітім көрсеткіші 30%-ға, қатерлі ісіктікі 6,7%-ға азайды. Қан айналым жүйесінің аурушаңдық көрсеткіші 6,5%-ға төмендеді. Халыққа сапалы, қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 2,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Одан басқа, 2 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға 1 «Сызықты үдеткіш» алдық. Нәтижесінде, аймақтың медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы 88%-дан асты», - деді Әсет Әскерұлы.

Спикер кадр тапшылығын азайту бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бүгінде облысқа 97 жас маман келсе, 2020 жылы 196 кадрмен толыққан.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив