ОБЛЫСТА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ 10,6%-ға ТӨМЕНДЕДІ

ОБЛЫСТА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ 10,6%-ға ТӨМЕНДЕДІ

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы денсаулық сақтау жүйесінің қорытындылары туралы алқа  отырысына қатысты. Күн тәртібінде жыл басынан бергі денсаулық сақтау жүйесінің жұмыстары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметі, облыстағы эпидемиологиялық жағдай мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау мәселелері талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бәпиев 2018 жылдың бірінші жартысында денсаулық сақтау жүйесінің қорытындылары туралы баяндады. 2018 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша туу көрсеткіші – 20,7 (2017 жылы – 20,97).  Кейбір әлеуметтік мәні бар аурулар азайған. Қан тамырлар жүйесі ауруларынан  өлім көрсеткіші 20,1 -ді құрап (2017 жылы 24,2),  5,2%-ға азайды.

-Қатерлі аурулардан болатын өлім 100 мың адамға шаққанда 54,8-ді құрап,  (2017 ж. 55,4) 1,1%-ға төмендеді. Туберкулез аурушаңдығы  10,6%-ға төмендеді, 2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 33,9-дан 30,3-ке азайды. Сондай-ақ, туберкулез ауруынан  өлім көрсеткіші төмендеді, облыс бойынша 26,7%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 1,5 тен 1,1-ге түсті. Есеп кезеңінде, Бейнеу ауданы әкімдігінен басқа, қала  және аудан  әкімдіктері  тарапынан   туберкулезбен ауыратын  228  науқасқа  13 132 792 теңге  қаражат бөлініп, әлеуметтік  қолдау көрсетілді, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бәпиев.

Интернет желісінің қолжетімділігі бойынша 90 денсаулық сақтау объектілірінің барлығы интернет желісіне қосылған. 2572 жұмыс орны 97% компьютерлік  техникамен жабдықталды. Медициналық ақпараттық жүйесімен 98,8 % қамтылды.

Сондай-ақ, алқа отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметі туралы да айтылды.

-Филиал 55 медицина мекемелерімен 21 124 715 мың теңгеге 109 келісім шарт жасасты. Медицина мекемелерінің 24-і яғни 43,6% – жеке ұйымдар. 2017 жылмен салыстырғанда медицина мекемелерінің саны (47) 8-ге артты, яғни 14,5% өсті. Олардың бәріде жекеменшік, өсу мөлшері 50% құрайды. Маңғыстау облысында  2018 жылдың   6 айының  қорытындысы бойынша егуден бас тартқандар саны – 873 бала  (2017 ж. 6 айы  1016, яғни  143 адамға азайған).

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив