СҚО судьяларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдаманың новеллалары түсіндірілді

СҚО судьяларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдаманың новеллалары түсіндірілді

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазиннің бастамасымен өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымовтың, судьялар корпусының қатысуымен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері талқыланды.

Облыстық сот төрағасы Ербол Жанғазин алғаш сөзінде судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі жақсарғанын атап өтті. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда Судья әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, соттарда ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды. «Бітімгер судьяның» фигурасы енгізілді, бұл соттарға жүктемені үш есе азайтты: істердің жартысына жуығы татуласумен аяқталады, тараптар дауды өздері шешу арқылы жемқорлық тәуекелдері азайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және ӘҚБтК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланғанын атап өтті.

Бүгінгі күні жоспарланған бірқатар өзгерістер жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған.

Олардың ішінде параға уәде беру мен ұсынысты криминализациялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлық жасаушылардың жария тізілімін енгізу, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеуді регламенттеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту; ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу және т.б.

«Тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықты жою контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы қылмыстар бойынша тергеулігін айқындай отырып, бюджеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз сыйақы бопсалағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату ұсынылады (ҚК 247-бабы)», - деді Жахин.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында туындайтын себептер мен жағдайларды жоюға, сондай-ақ сот жүйесінде жүргізілетін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі шараларды, сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту және жою, халықтың соттарға сенімін арттыруға тиіс алдын алу сипатындағы кешенді шараларды атап өтті.

Семинар соңында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибенің елімізде қолданылуы мүмкіндігін ескере отырып, оның артықшылықтарын талқылай отырып, пікір алмасылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив