Студенттерді адал өмір сүруге шақырды...
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу әлеуметтік жобасы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өткізді.
Студенттермен осы кездесу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік атмосферасын құруға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысуын көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжинов, «Қызылжар -адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Сәлімхан Сәбитов, ЖОО-ның комплаенс-офицері Ирина Джемалединова парасаттылық, адалдық қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қайда хабарлауға болатыны туралы айтып берді.
Сондай-ақ, өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы басқа да жаңашылдықтарына баса назар аударды.
Дәріске Солтүстік Қазақстан облысының жоғары және арнайы-орта оқу орындарының 150-ге жуық студенті қатысты.
[xfvalue_img]