ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «Өскемен жылу желілері» АҚ басшылық құрамымен кеңес өткізді, онда «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі қаралды.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстарына сүйене отырып үнемі жетілдіріліп отырады.

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Президенттің Жарлығымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Тұжырымдамасы қабылданды, оған сәйкес Қазақстан Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.

"Тұжырымдамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз етуге бағытталған" - деп атап өтті өз сөзінде Жігер Байділдин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет болып табылады.

Осыған байланысты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік стандарттарды сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын іске асыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі таңда облыста 389 квазимемлекеттік сектор субъектісінде комплаенс-қызмет құрылды, оның ішінде «Өскемен жылу желілері» АҚ бар.

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің ауқымы кеңейтілді. Оларға сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдар жатады.

Тұтастай алғанда, тұжырымдамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, әсіресе «тұрмыстық» алғышарттарын кешенді жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеңінен тартуға бағытталатын болады.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.