Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау мәселелері

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау мәселелері

«Anikor.Live» жобасы аясындағы тікелей эфирге облыстық мәслихат депутаты, «Qazaq Aqbas» республикалық кеңесінің төрағасы, «Шалабай» ЖШС бас директоры Қуаныш Сүлейменов қатысып, «Аграрлық саясат және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау мәселелері» тақырыбында сұхбат берді.

Қуаныш Сүлейменов ауыл шаруашылығы саласында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Тікелей эфир барысында ол біздің елімізде ауыл шаруашылығы біртіндеп дамып келе жатқанын айтты. Алайда, бірқатар проблемалар бар, оның ішінде субсидиялауға қатысты мәселелер бар екендігін атап өтті.

«Ағымдағы жылы аналық мал басын субсидиялау кезінде қаражат тапшылығы болды, 1,5 млрд.теңге жетпеді. Нәтижесінде біреу субсидия алды, біреу алған жоқ. Бұл, кем дегенде, әділетсіз. Жалпы, субсидиялаудың нәтижесі қайда?

Сондықтан, менің ойымша, субсидиялауды алып тастап, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне төмен пайыздық несие беруді енгізу қажет деп санаймын. Несиені өтеу қажет, демек, сәйкесінше деңгейде жұмыс істеу қажет", - деп атап өтті Қуаныш Серқазыұлы.

Субсидиялауды алу кезінде қандай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар деген сұраққа спикер "Субсидиялау мәселелерін реттейтін заңнамадағы коллизиялар өте көп. Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде субсидиялау саласындағы НҚА 22 рет өзгерді».

Жалпы, қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізілуде.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив