Үкімет сағаты: АШМ басшысы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу туралы баяндады

Үкімет сағаты: АШМ басшысы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу туралы баяндады

2022 жылы Қазақстанда азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өңдеу секторының дамуы туралы айтты. Оның айтуынша, салаға инвестиция ағыны өткен жылы 12 пайызға артып, 141 миллиард теңгеге жеткен.

Өткен жылы жекелеген позициялар бойынша экспортқа енгізілген шектеулерге қарамастан, өндіріс көлемінің артуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2022 жылы 5,6 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46%-ға жоғары. Сонымен қатар, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 64%-ға өсіп, 2,3 млрд долларды құрады, деді министр.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жетекші орында астық өңдеу өнеркәсіптері тұр. Өнімнің жалпы көлемінде оның үлесі 21 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 3,3 млн тонна көлеміндегі ұн өндірісі елдің ішкі тұтынуынан бірнеше есе асып түседі және экспорттық жеткізілімдер (1,9 млн тонна) бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы дәстүрлі импорттаушы елдерде өз өңдеуінің дамуы, сондай-ақ олардың мемлекеттік протекционистік қолдау шараларын енгізуі салдарынан қазақстандық ұн нарығын тарылту мәселесі барын атады. Сондықтан, министрлік жеткізу нарықтарын, атап айтқанда Қытайға кеңейту шараларын қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, астық дақылдарын терең өңдеу бойынша кәсіпорындарды салу және жаңғырту шығындарының 25%-ға дейінгі мөлшерінде инвестициялық субсидиялау, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікті несиелер бөлу арқылы кәсіпкерлікті жаңа өндірістерді ашуға ынталандыру, салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ экспорттау кезіндегі шығындарды  30%-ға дейін өтеу шаралары қабылданып жатыр.

Атап айтқанда, биыл жалпы қуаттылығы 58 мың тонна жарма мен макарон өнімдерін және 21 мың тонна крахмал өнімдерін шығаратын 11 инвестициялық жоба іске қосылды.

Өсімдік майын өндірумен 70 кәсіпорын айналысады. Отандық өніммен қамтамасыз ету 141 пайыз деңгейінде, деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Күнбағыс тұқымын экспорттау бойынша қабылданған шектеу шараларына байланысты отандық өңдеуші кәсіпорындар өңдеуге арналған шикізат қорымен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде сары май өндірісінің 62%-ға артқаны, сондай-ақ жыл басынан бері ішкі нарықтағы бағаның 8,3%-ға төмендегені байқалады. Сонымен қатар, былтыр күнбағыс майының экспорты 229,4 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артық.

Сонымен қатар, министр қант өнеркәсібіне де тоқталды. Елімізде өндіріс көлемін ұлғайту және импортқа тәуелділікті азайту үшін кешенді жоспар жүзеге асырылуда, оның аясында шикізатты өңдеуге жеткізу үшін субсидиялар нормасы 15-тен 25 теңге/кг-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ қызылша өсіруге арналған егіс кешендерін инвестициялық субсидиялау нормативін 25-тен 50%-ға дейін арттыру қарастырылды. Айналым қаражатын қамтамасыз ету үшін қант зауыттарына ӘКК арқылы 0,1% мөлшерлемемен 18 млрд теңге сомасында жеңілдетілген несие берілді.

22 сәуірден бастап 350 000 тонна көлемінде үшінші елдерден шикі құрақты бажсыз әкелу үшін тарифтен босату қарастырылған. Қант өндірушілерді баға демпингінен қорғау үшін қанттың ең төменгі көтерме бағасын енгізу механизмі әзірленді.

Айта кету керек, биыл қант қызылшасының егіс алқаптары 64 пайызға ұлғайып, 19 мың гектарға жеткізілді. Орта мерзімді перспективада қант өндірісін 283 мыңнан 490 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр.

Ербол Қарашөкеев жеміс пен көкөністерді өндіру мен өңдеуге қатысты 2022 жылдың соңына дейін бұл салада қуаттылығы 21,7 мың тоннаны құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Биыл тағы 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2022 жылы жеміс-жидек консервілерінің өндірісі 4,3%-ға, көкөніс және жеміс шырындары 4,6%-ға артты.

Сондай-ақ көкөністер мен жемістерді сақтауға қажетті инфрақұрылымды құру жұмыстары жүргізілетінін атап өткен жөн. «СҚО тәжірибесін» қайталау аясында қоймалардың құрылысын жеңілдетілген қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр.

Жалпы, 2024 жылдың соңына дейін құны 395 млрд теңгені құрайтын қайта өңдеу бойынша 108 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісінің өсуін қамтамасыз етеді», - деп қорытындылады министр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив